Күрес • 27 Наурыз, 2022

Грек-римнен Азия чемпионатына кімдер барады

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін оқу-жаттығу жиынында грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құраманың бас бапкері Серік Жұмашев Азия чемпионатына қатысатын отандық балуандар тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Грек-римнен Азия чемпионатына кімдер барады

Биылғы құрлықтық біріншілік Моңғолия астанасы Ұланбатоорда өтеді.

Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар:

 55 кило: Аманғали Бекболатов 

 60 кило: Ернұр Фидахметов

 63 кило: Мирамбек Айнағұлов 

 67 кило: Мейіржан Шермахамбет

 72 кило: Абылайхан Әмзеев

 77 кило: Мақсат Ережепов

 82 кило:  Диас Кален

 87 кило: Нұрсұлтан Тұрсынов

 97 кило: Санжар Серікқан

 130 кило: Әлімхан Сыздықов.