Коронавирус • 28 Наурыз, 2022

Елордада вакцинация пункттері қай жерлерде ашық

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты сауда ойын-сауық орталықтарының жанындағы вакцинация пункттерінің бір бөлігі өз қызметін тоқтатты. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Елордада вакцинация пункттері қай жерлерде ашық

Қазіргі уақытта вакцинация пункттері «Абу Даби Плаза» СОО және «Нұрлы жол» ТЖ вокзалында, сондай-ақ, бастапқы буындағы 26 денсаулық сақтау ұйымдарында орналасқан.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы азаматтардың ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға қосқан үлесін атап өтіп, азаматтарды иммундау жұмыстарының ерекше маңыздылығын еске салды.