Елорда • 28 Наурыз, 2022

Ораза-2022: Діни ақпарат беру орталығы ашылды

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан азаматтарға діни ақпарат беру орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ораза-2022: Діни ақпарат беру орталығы ашылды

«Шариғатымыз бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда, жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сондай-ақ жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғатымыз рұқсат береді», деді Наурызбай қажы Тағанұлы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Бас мүфти елордада діни ақпарат беру орталығының іске қосылғанын хабарлады.

«Егер оразаға, жалпы діни мәселеге қатысты қандай да сұрақтарыңыз болса ҚМДБ жанынан діни ақпарат беру орталығы ашылғанын қаперлеріңізге саламын. Жамағаттың сұрағына дер кезінде жауап беретін орталықтың нөмірі – 33-30-30. Орталыққа Нұр-Сұлтан қаласының коды арқылы телефон шалуға болады», деп түсіндірді ол.

Орталыққа жүгінген азаматтарға дін саласының білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді.