04 Сәуір, 2014

Араб және мұсылман әлемі үшін ерекше мәні бар бағдарлама

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының атына Ливан Парламенті «Мустакбаль» партиясы парламенттік блогының көшбасшысы, экс-Премьер-министр Фуад Синиорадан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Автор өзінің хатында Мемлекет басшысының Қа­зақстан халқына биыл­ғы Жолдауымен зор қызы­ғу­шылық білдіре отырып танысып шыққанын, онда елдің болашағы  көрініс тап­қанын және басты мақ­сатқа – Қазақстанның 2050 жыл­ға дейін әлемдегі ең да­мыған 30 елдің қатарына қо­сылуға  қол жеткізу жолдары айқындалғанын айтады. Ф.Синиора Жолдауда аталған даму бағыттарының араб және мұсылман әлемі үшін ерекше мәні бар екенін атап өткен. «Сіз біздің ислам әле­мін­дегі тал­қы­­лау­ларымызда айтыла бер­мейтін аса маңызды тақы­рып – өсім, жаңғырту және эко­но­микалық дамудың маңыз­ды әрі тиімді бірікті­рушілік қағидаттар болып саналатыны туралы айт­тыңыз», делінген хатта. Автор Қазақстанның даму жолында алға қой­ған мақсаттарға қарай қа­дам баса отырып, өзге мұ­сылман және араб елдері үшін үлгі болатынына сенім білдіріп, хат соңында Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және барлық ойға алған жоспарларын іске асыру жолында табандылық тілеген.