Қоғам • 29 Наурыз, 2022

Отандық көлік бағасы қымбаттай ма? Министрлік жауабы

4452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев автокөлік бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық көлік бағасы қымбаттай ма? Министрлік жауабы

«Біз өзіміздің автоөнеркәсібімізге ерекше назар аудара бастадық. Отандық автокөліктердің бағасы тұрақты болуы үшін барлық шараларды қабылдап жатырмыз. Жеңілдетілген автонесиелеу бойынша құны 10 млн теңгеге дейінгі көлікті несиеге алуға болады. Одан да қымбат машина сатып алу құқығы бар, бірақ айырмашылығын несиені алған адам өз қаражатынан төлейді. Сәуір айының соңына дейін бұл мәселе шешімін тауып, көліктер 4% жеңілдікпен несиелендірілетін болады деп ойлаймын», деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Министр қазақстандық автокөліктердің бағасын өсу жоспарда жоқ екенін айтты.

«Бірақ бағалар әлі де тұрақсыз екенін айта кету керек. Бағалар күн сайын өзгереді. Сондықтан ертең қандай баға болатынын айту қиын. Бірқатар позициялар бойынша тіпті төмендеу үрдісі де байқалады», деді ведомство басшысы.