Қазақстан • 29 Наурыз, 2022

Елімізде қант экспортына тыйым салынды

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрлігі ақ қантты экспорттаудың кейбір мәселелері туралы Сауда министрлігімен бірлескен бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде қант экспортына тыйым салынды

«Қазақстан Республикасының аумағынан ақ қантты және құрғақ шикі қантын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», делінген құжатта.

Құжат 4 сәуірге дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Бұған дейін хабарланғандай, Ресей 2022 жылғы 31 тамызға дейін қантты және шикі қантты ЕАЭО-дан тыс жерлерге әкетуге тыйым салған. Бұл тыйым Үшінші елдерге экспорттауға қатысты қолданылады.

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда қант тапшылығы жоқ екенін және елдегі қолда бар қорлар үнемі толықтырылып отыратынын хабарлады. Алайда, елдің дүкен сөрелерінде қант уақытша жоғалып, кейін жаңа бағамен пайда болған еді.