ТМД елдері мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының Достастық елдері арасында белгілеген бұл сыйлығы 2009 жылдан беріліп келеді. Ол жыл сайын ғылым мен білім беру, мәдениет пен өнер, гуманитарлық әрекет салалары негізінде Достастық елдерін әлемдік жетістік деңгейіне көтеру жолында елеулі еңбек сіңіріп, елдер арасында гуманитарлық ынтымақтастықты өркендетуге үлес қосқан таңдаулы тұлғаларға тапсырылып тұрады.
«Достастық жұлдызы» марапаты ақшалай сыйлықтан, лауреат дипломынан, төсбелгісі мен оның куәлігінен тұрады. Үш номинацияның әрбірі бойынша үш жүлде тағайындалып, лауреаттардың әрбіріне 2 миллион Ресей рублі көлемінде қаржы беріледі.
Биыл аталмыш сыйлықты мәдениет пен өнер саласы бойынша Чехов атындағы Мәскеу театрының көркемдік жетекшісі Олег Табаков, Әзербайжанның халық суретшісі Омар Эльдаров, Армения мемлекеттік хор капелласының бас дирижеры Оганес Чекиджян алды. Ғылым мен білім беру жүйесіндегі сыйлықтарға Украина мен Ресей ұлттық ғылым академияларының академигі, белгілі ғалым Борис Патон, Тәжікстан академиясының академигі Далер Пачаджанов ие болды. Ал гуманитарлық салада біздің Бибігүл Төлегеновадан бөлек, Беларусьтің «Звезда» баспа үйінің директоры Александр Карлюкевич пен оның орынбасары Александр Бадак, Қырғызстанның халық суретшісі Юристанбек Шығаев лауреат атанды.
Бұл кезге дейін «Достастық жұлдызы» сыйлығын біздің елімізден гуманитарлық сала бойынша «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева, мәдениет және өнер саласы бойынша атақты актер Асанәлі Әшімов, ғылым және білім беру саласы бойынша көрнекті ғалым Сейіт Қасқабасов алған болатын.
Мұрат АЙТҚОЖА.
• 04 Сәуір, 2014
Бибігүл Төлегенова «Достастық жұлдызы» сыйлығын алды

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше