Балаларды 1-сыныпқа 6 жастан бастап ата-анасының немесе білім алушылардың заңды өкілінің жеке өтініші негізінде қабылданады. Осы орайда мынадай құжаттар қажет: баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты; 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы) және 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
«Құжаттарды қабылдау биылғы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жалғасады. Бірнеше жыл бойы құжаттарды және балаларды мектепке қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. 1-сыныпқа қабылдау электрондық үкіметтің Еgov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады», деді Г. Кәрімова.
Өңірлердегі білім басқармалары әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы ата-аналар арасында балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қосымша жүргізетін болады.
Оның айтуынша, биыл бірінші сыныпқа 420 мың бүлдіршін барады деп жоспарланған. Бұл көрсеткіш былтырға қарағанда жоғары.