Елорда • 29 Наурыз, 2022

Елорда әуежайы уақытша жабылды

5914 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада күннің бұзылуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елорда әуежайы уақытша жабылды

Әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов әуе айлағының қатты жел мен жолдың дұрыс көрінбеуі себебімен жабылғанын айтты.

Жолаушыларға ұшақтардың ұшып шығуы, қонуы, кешігулер туралы өзекті ақпаратты әуе айлақтарының ақпараттық қызметінен және әуе компаниялардың call-орталықтарынан білу ұсынылады.

Еске сала кетейік, елордада сағат 19:00-ден 23:00-ге дейін ауа райына байланысты ескерту жарияланып, желдің жылдамдығы 260/20 м/с дейін, ал екпіні 25 м/с дейін күшейіп, қалың қар жауады.

Бұған дейін Алматы халықаралық әуежайында қатты жел ұшақты орнынан қозғап жібергені хабарланған болатын.