«Қазмедиа оталығындағы» апат жойылды. Трансформатордағы өрт сөндірілді. Телерадио арналар хабар таратудың резервтік форматына көшірілді», деп жазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров Facebook парақшасында.
Бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін сағат 20:41-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері «Д.Қонаев көшесі, 4» мекенжайында орналасқан ғимаратқа шұғыл шақырту бойынша жеткенін хабарлаған болатын.
Ведомство мәліметінше, сағат 21:12-де өрт толығымен сөндірілген. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, тілсіз жаудың шығуына аккумулятор батареяларының өртенуі себеп болған.