Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы кездесу барысында Серік Ахметовтің Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғаны туралы хабарлай келіп, оның басшылық жұмыста мол тәжірибесі бар екенін айтты.
– Бүгінгі күні ол бұл қызметке ең лайықты адам деп санаймын. Біз Қорғаныс министрі етіп азаматтық тұлғаны тағайындау бағытын ұстанып келеміз. Бізге қорғаныс кешені кәсіпорындарын дамытуды, армиямызды заманауи техникамен жабдықтауды жалғастыру, сондай-ақ, мемлекет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті жақында өткен жедел-стратегиялық кеңес кезінде алға қойылған міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.
Соңында Мемлекет басшысы еліміздің Қарулы Күштері әскери міндеттерін орындауға әрдайым дайын болуға және өз кәсіби шеберліктерін ұдайы жетілдіріп отыруға тиіс екеніне тоқталды.
-----------------------------------------
Суреттерді түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
• 04 Сәуір, 2014
Қарулы Күштер өз міндетін орындауға әрдайым дайын болуға тиіс

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Кеше
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Кеше
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Кеше
Пікір • Кеше