Қоғам • 30 Наурыз, 2022

Аналар кеңесінің жаңа жобасы

893 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының тұсаукесері өтті. Жаңа жоба Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің отырысында таныстырылды.

Аналар кеңесінің жаңа жобасы

Ассамблея Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов Аналар кеңесінің жұмысы туралы айта келе, халықтың түрлі топтарын мақсатты қамту үшін аналардың әлеуетін арттырудың маңыздылығына назар аударды.

– Ассамблеяның Аналар кеңестері саяси реформалар стратегиясын іске асыруға, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, азаматтық қоғаммен байланыс орнатуда еңбек етеді. Аналар кеңесі балалардың құқықтарын қорғау, суицидке жол бермеу, қоғамдағы зорлық-зомбылықты азайту, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарға белсенді араласуы керек. Біз ресми түрде «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын іске асыруды бастаймыз. Жоба ажырасу, суицидтің алдын алу, саламатты өмір салтын дәріптеу, білім мен еңбексүйгіштікке баулу бойынша мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен бірлесе жұмыс істейді, – деді М.Әзілханов.

Жаңа жобаны толығырақ таныстырған Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы Назипа Шанай әр бағытқа жеке тоқталып, орталық пен жергілікті жерлерде өтетін іс-шараларды баяндады.

Отырыс барысында Ассам­блеяның өңірлік Аналар кеңе­сінің жетекшілері сөз сөйлеп, этномәдени бірлестіктердің қолдауымен өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.