Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында Қазақстан Журналистер, Жазушылар одақтарының облыстық филиалдары және облыстық мәдениет басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен жазушы-журналист Сәкен Сыбанбайдың «Ғаламтордағы махаббат» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Зиялы қауым өкілдері, әдебиетсүйер қауым, студент жастар қатысқан әдеби кеш аясында Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Б.Тәжібаев, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Б.Ахымбетов, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары А.Темірхан, жазушы-ғалым Қ.Ергөбек, Т.Бейсен, Б.Сердәлі, Д.Қуат, Ә.Шегебай, А.Сейдазым, Б.Шойбеков, М.Дәулетов сынды қаламгерлер мен ақындар жүрекжарды сөздерін арнап, сый-сыяпаттарын көрсетті. Жазушының шығармаларын студенттер мәнерлеп оқып, өнерпаздар әннен шашу шашты. Кеш соңында жаңа туынды әдебиетсүйер қауымға үлестіріліп берілді.
Оқырманға жол тартқан туындының тұсаукесер рәсімі Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада да өткізілді. Оған «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Нармахан Бегалыұлы, ақын Әлібек Шегебай, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты. «Сәкеннің «Ғаламтордағы махаббат» атты кітабын алдын ала алдырып, әр сөзіне назар аударып оқыдым. Бұл кітап қазақ ұлтына қызмет ететін кітап деп ойладым. Асыра айтылған ештеңесі жоқ. Қоғамға сын айтылса, демек ол – қазақты жөндеудің, қазаққа тура жолды нұсқап, кемшілігін түзеудің әрекеті. Сәкенде халық ауыз әдебиетінің шұрайлы тілі бар. Жазуында журналистік, публицистік сарын да байқалады. Бірақ бұл оның кемшілігі емес, керісінше, оны толықтырып, көркемдігін жетілдіріп тұр», деді Нармахан Бегалыұлы. Сондай-ақ ол кітап авторына кейбір сөз тіркестерінің қолданылуына байланысты ескертуі мен ағалық ақыл-кеңесін де айтып өтті. Өзге де қаламгерлер Сәкен Сыбанбайдың журналистік қызметі мен жазушылық қарым-қабілеті, шығармашылық ізденісі жайлы жылы лебіздерін білдірді. Жазушының «Ғаламтордағы махаббат» атты кітабына «Мұңлық», «Бақытты адам», «Үміт үйі», «Дискриминация», «Сен қандай тәтті едің, өмір!» және «Бір шәугім шай» сынды көркемдік деңгейі жоғары, тағлымды туындылары енген.
Түркістан – Шымкент
Орал қаласында әуе рейстері қайта іске қосылады
Қоғам • Кеше
«Қайрат» Қазақстан кубогының ширек финалына жолдама алды
Футбол • Кеше
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
Атырау облысында жол апатынан бір адам көз жұмды
Оқиға • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Ауыр атлетика • Кеше
Ақтөбе облысында Pfizer вакцинасы таусылды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда такси жүргізушісінен 10 келі есірткі тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Оралда тұрғын үй ауласынан есірткі зертханасы табылды
Аймақтар • Кеше
Абай облысы Қаржы басқармасының басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы елордадағы құрылыс нысандарын тексерді
Үкімет • Кеше
Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Таразда Қонаев ескерткіші бой көтерді
Аймақтар • Кеше
Қызылордада сексеуілді заңсыз кескен тұрғын ұсталды
Қоғам • Кеше
Зүлфия Чиншанло Ислам ойындарында алтын медаль еншіледі
Ауыр атлетика • Кеше
Қазақстанда қанша адам вакцина алды
Коронавирус • Кеше
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Кеше
2133 қазақстандық коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Кеше
Елімізде 1452 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Өтепберген Әлиев Ислам ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды
Ауыр атлетика • 12 Тамыз, 2022
Елордадағы айналма жолдан атыс қарулары табылды
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Жансель Дениз Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Спорт • 12 Тамыз, 2022
Алматы облысында 1 жасар баланы автобус басып кетті
Оқиға • 12 Тамыз, 2022
Елордада көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • 12 Тамыз, 2022
ИИДМ басшысы құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
«Жер аманаты» комиссиясының «жедел желісіне» мыңға жуық өтініш түсті
Қазақстан • 12 Тамыз, 2022
Дархан Қыдырәлі Мажарстан Парламентінің арнайы сессиясына қатысты
Әлем • 12 Тамыз, 2022
Кристина Овчинникова Түркиядағы Ислам ойындарында қола иеленді
Жеңіл атлетика • 12 Тамыз, 2022
Атырау облысының Қызылқоға ауданына жаңа әкім келді
Тағайындау • 12 Тамыз, 2022
Мемлекет басшысы ҰҚК төрағасын қабылады
Президент • 12 Тамыз, 2022
Елордада Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі учаске жабылады
Елорда • 12 Тамыз, 2022
Қазақстанда тұңғыш рет кибер құқық мектебі ашылады
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Елордада «Азия жаңғырығы» фестивалі басталды
Қоғам • 12 Тамыз, 2022
Ұқсас жаңалықтар