Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) биыл 14-ші маусымын өткізген елорданың «Барысы» Гагарин кубогы жолындағы плей-офф кезеңінің алғашқы раундында сүрініп, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Қатарынан үш жыл плей-оффтың алғашқы кезеңінде Магнитогорскінің «Металлург» клубымен күш сынасып, кейінгі екі жылында сәтсіздікке ұшырады. 2019/20 жылғы маусымда екі клуб арасындағы бәсекеде «Барыстың» мерейі үстем болғанымен, қазақстандық ұжым коронавирус пандемиясына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартқан еді.

ҚХЛ-дың «Шығыс» конференциясында өнер көрсеткен «Барыс» биылғы тұрақты біріншілікте жалпы саны 47 ойын өткізіп, соның тек 14-інде ғана өз жанкүйерлерін қуантты. Төрт ойында қарсыласынан овертаймда басым түссе, тағы төрт кездесуде буллит сериясында бағы жанды. Ал екі реттен овертаймда және буллитте жеңіліске ұшырады. Сондай-ақ 21 матчта қарсыластарына жол берді. «Барыс» хоккейшілері осы 47 ойында қарсылас команданың қақпасын 127 мәрте дәл көздесе, 138 рет өз қақпасынан шайба алып шығуға мәжбүр болды.
Бұл – «Барыстың» осы маусымда көрсеткен нәтижесінің қысқаша статистикасы. Ал жуырда команданың президенті Борис Иванищев пен бас жаттықтырушы Юрий Михайлис маусымды қорытындылап, өз ойларын ортаға салды.
– Биылғы маусым біз үшін сәтті өтті деп айта алмаймын. Өкінішке қарай, кейінгі екі жылда жарқырап өнер көрсетуімізге әртүрлі сыртқы факторлар өз әсерін тигізбей қоймады. Міне, осы жолғы маусым барысында ел ішінде де, халықаралық аренада да өте маңызды оқиғалар болды. Сол оқиғалардан кейін аздап ес жию қиынға түскені жасырын емес. Бірақ біз туындаған барлық қиындықты өз пайдамызға қарай шештік деп ойлаймын. Бұл үшін клубтың барлық қызметкеріне алғыс айтқым келеді. Мүмкін, басты мәселе – маусымның бірқалыпты деңгейде өткенінде болса керек. Әрине, бұл жерде екі жылдан бері жалғасып жатқан пандемияны да ескеру қажет. Маусым барысында хоккейшілеріміз бен қызметкерлеріміз вирус жұқтырып, командаға көмектесе алмай қалған кездер болды. Бұл жаттығу процесіне де, тікелей жұмысымызға да кері әсер етті. Жаңа жылға қарай бізде бәрі қалпына келгендей болған еді. Ойыншылардың физикалық жағдайы мен жеңіске деген ұмтылысы зор болған-ды. Біз жүйелі түрде әр ойында жеңіске жетіп, мейлінше жоғары орын үшін күресуге дайын болдық. Бірақ жаңа жылдан кейін тұрақты біріншіліктің қалған бөлігі әуелі вирусқа, кейіннен Олимпия ойындарына байланысты тоқтатылып, ақыр соңы мерзімінен бұрын аяқталып тынды. Осы уақыт аралығында хоккейшілер ойын тәжірибесінсіз қалды. Плей-офф ойындары басталғанға дейін үш бақылау кездесуін өткізуге мүмкіндік алды. Бұл да командаға сәл де болсын ойын тәжірибесін жинақтауға жақсы көмегін тигізді, – деді «Барыстың» президенті.
Сондай-ақ Борис Иванищев бапкерлер құрамының жұмысына көңілі толатынын және оларға тағатын ешқандай кінә жоқ екенін жеткізді. «Себебі биылғы маусым алдында командаға және бапкерлер құрамына плей-офф кезеңіне дейін жету міндеті қойылған болатын. Команда бұл міндетті толығымен орындады. Бірақ плей-офф кезеңінің бірінші
раундынан арыға аса алмағанымыз өкінішті. Өйткені бірқатар ойыншы жарақатына байланысты командаға көмектесе алмады. Дегенмен, плей-офф бәсекесінің өз мұзайдынымызда өткен ойындарында жақсы ойын көрсетуіміз керек еді. Жанкүйерлер де, мен де ойыншылардан соны күттік. Бірақ бұл – хоккей. Бәрі біз ойлағандай бола бермейді ғой», деді ол.
Борис Иванищев алдағы маусымда Михайлис-Волк-Лилья үштігі мен барлық қазақстандық ойыншыларды командада сақтап қалғысы келетінін жеткізді. Алайда ҚХЛ маусымы әлі өз мәресіне жетпегендіктен және әзірше лига басшыларының талабы мен легионер санын қысқарту-қысқартпауы да белгісіз болғандықтан, барлық сұрақтың жауабы тек маусым соңында ғана белгілі болмақ.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет бюджеті есебінен кәсіби спорт клубтарын қаржыландыруды қысқарту туралы тапсырмасынан кейін команда бюджеті біраз қысқартылды. Доллардың теңгеге қатысты бағамының өсуі де бізге әсер ететіні сөзсіз. Еларалық ұшулар, қонақүй, киім-кешек барлығы шартты бірліктермен сатып алынады. Маусым толығымен аяқталған соң алдағы жоспарымызды, команда бюджетін талқылайтын боламыз. Бюджет туралы айтылғанда, ҚХЛ-дің ережесін ескеру керек болады. Мәселен, жарыс ережесінде ойыншылардың төменгі, орташа және жоғары жалақысы қанша болу керектігі нақты көрсетілген. Біз әзірге ең төменгі жалақыға жақынбыз, бірақ келер жылы біз осы минимумнан төмен жалақы қоятын болсақ, онда бізді лигадан шығарып жіберуі мүмкін, – деді Борис Иванищев.
Сонымен қатар команда бас бапкері Юрий Михайлис те биылғы маусымды қорытындылап, жеке ойыншылардың шеберлігі мен маусымның үздік хоккейшілерін атап өтті.
– Тұрақты біріншіліктің соңғы ойындарында «Металлургтен» де, «Автомобилистен» де басым түстік. Маусымның соңында хоккейшілер жоғары эмоционалды және физикалық күйде болды. Бізде турнир кестесінің бұдан да жоғары орындарына көтерілетін мүмкіндік бар еді. Өкінішке қарай, чемпионат бел ортасынан ауғанда тоқтатылды. Тұрақты біріншіліктің екінші бөлігінен кейін жігіттерде өз-өздеріне деген сенімділік пайда бола бастады. Бәлкім, жаңадан келген ойыншылар сол кезде бір-біріне үйреніскен болуы керек. Сондай-ақ Альсинг пен Орехов бір-бірін тамаша толықтырып отырды, Мартинссон бірінші бестікке ауысып, Морроумен жұп құрап сәтті ойнады деп айта аламын. Көп сәттерде өте сенімді ойнап, жанкүйерлердің қошеметіне ие болдық, – деді бас бапкер.
Юрий Михайлистің пікірінше, биылғы маусымының жаңа есімі – 20 жастағы шабуылшы Аңсар Шайхмедденов. Ол бұл маусымда мұзайдында жиі бой көрсетпесе де, өзінің еңбекқорлығының арқасында бапкерлердің көзіне түсе білді. Сондай-ақ ол плей-офф кезеңінде өзін жақсы қырынан көрсетті деп айта аламыз.
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар