«Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, жедел әрекет еткен. Нәтижесінде заңға қайшы ісі үшін жүк көліктері Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің айып тұрағына жабылды», деп жазылған хабарламада.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұсталғандар жауапкершілікке тартылмақ.