Қазақстан • 30 Наурыз, 2022

Үш жаңа Елші тағайындалды

546 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үш жаңа Елшіні тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үш жаңа Елші тағайындалды

Президент жарлықтарымен:

Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Алмат Дәкібайұлы Айдарбеков Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.