ANTIKOR • 30 Наурыз, 2022

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істің мән-жайын айтты

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істің мән-жайы белгілі болды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істің мән-жайын айтты

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», делінген агенттік хабарламасында.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлымен бірге оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалды да күдікке ілінген болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, агенттік Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Кейін Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынды.