Қазақстан • 30 Наурыз, 2022

Дауыл салдарынан 70 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда бірнеше күнге ұласқан қатты жел мен дауылдың салдарынан 70 133 абонент электр қуатынсыз қалған. Төтенше жағдайды жою бойынша Республикалық Штаб құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дауыл салдарынан 70 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды

Қатты желдің салдарынан Атырау, Талдықорған, Текелі, Павлодар және Алматы, Атырау, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының 194 елді мекенінде 70 133 абонент электр энергиясынан ажыратылды.

Қазір көшелерді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша жұмыстар және ТЖ салдарын жою бойынша басқа да іс-шаралар жалғасуда.

«Қазіргі уақытта автожолдардың 86 учаскесі жабылды, олардың ішінде 33 республикалық және 53 облыстық маңызы бар жолдар бар. Бұл ретте автокөліктердің жиналуы Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан (60) блок-бекеттерінде байқалады», делінген ТЖ жою жөніндегі Оперштабтың хабарламасында.