Қазақстан ауасы ең лас 20 елдің қатарына енді. Мұндай мәлімет шуейцариялық IQAir мониторингтік тобы жүргізген рейтингте көрсетілді. Компанияның былтырғы есебінде еліміз ауа ластануының әлемдік көрсеткіші жағынан 23-орында орналасқаны белгілі болды.

Бірінші орында Бангладеш, екінші орында Чад, үшінші орында Пәкістан. Алғашқы ондыққа Тәжікстан, Үндістан, Оман, Қырғызстан, Бахрейн, Ирак және Непал кірді. Сарапшылардың айтуынша, ауа сапасының тазалығы жағынан Жаңа Каледония аралы, сондай-ақ Виргин аралдары және Пуэрто-Рико алда келеді.
Ал ауа тазалығы төмен астаналар рейтингісінде Нұр-Сұлтан 35-ші орында. Бұл тізімде көшті Нью-Дели (Үндістан), Дакка (Бангладеш) және Нджамена (Чад) бастап тұр. Көршілес Ресей 80-ші орында, ал оның бас шаһары Мәскеу 73-ші орында жайғасып отыр.
Мамандардың сөзіне сүйенсек, Азия мен Африкадағы елдің барлығы бірдей толыққанды мониторинг деректерін бере алмаған. Рейтингте барлығы 117 мемлекет қамтылған.
Бұл орайда Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында еліміздегі экологиялық проблемаларға ерекше назар аударуды тапсырғанын айта кеткен орынды. Осыған байланысты 17 жол картасы бекітіліп, 485 арнайы шараны орындау көзделген. Оның ішінде атмосфералық ауаның жай-күйін жақсарту және стихиялық үйінділерді жою жөніндегі жұмыстар қамтылған.
Экологиялық мониторинг нәтижелеріне сәйкес 10 қалада атмосфералық ауаның ластануы ең жоғары деңгейде. Олардың қатарында Теміртау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған және Шымкент қалалары бар.
«Сондықтан ортамерзімді перспективада ауасы лас 10 қаланы газдандырып, балама энергия көздеріне көшіру, сондай-ақ көлік секторына экологияландыруды жүргізу қажет», деген еді Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов.
Осы арқылы жоғарыда аталған өңірлерде экологиялық қауіпсіздікті қамтуға байланысты тиісті шешімдер қабылданады. Атап айтқанда, Алматы қаласында 2-3 ЖЭО-ны жаңғыртып, газға ауыстыру көзделіп отыр. Бұл зиянды заттарды 83%-ға (37 мың тоннадан 6 мыңға дейін) қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дизель отынымен жүретін жолаушылар көлігін сатып алуға тыйым салынды.
Елордада 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО-ның су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды. Осының нәтижесінде атмосфераның ластану индексі 25 %-ға (4,95 бірліктен 3,8 бірлікке дейін) төмендейді. Сонымен бірге газдандыру атмосфераға ластаушы заттардың көлемін жылына 40 мың тоннаға (175-тен 135 мың тоннаға дейін) азайтуға жол ашады.
Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» өндірісті жаңғыртып, сондай-ақ жаңа тазарту құрылыстарын орнатуды көздейтін даму стратегиясын әзірледі. Осы себепті комитет эмиссияға 2022 жылға ғана рұқсат беріп, жаңа рұқсат беру нұсқаулығына сәйкес жоғарыда көрсетілген стратегияны іске асыру ескерілетін болады.
Ақтөбе қаласында «Қазхром» кәсіпорны электр сүзгілерін жаңғыртып, бұл ластаушы заттарды 30%-ға азайтуға септігін тигізеді. Ферроқорытпа зауытында цехтарды қайта құру бойынша жобаны іске асыру басталды. Нәтижесінде, 2022 жылдың соңына қарай шығарынды көлемі 30%-ға төмендейді.
Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында мұнай шламдарын сусыздандыру қондырғысы орнатылды. Қаланың сол жағалауындағы КТҚ-ны жаңғырту аяқталды. Былтырдан бастап АМӨЗ-дағы булану тоғанын рекультивациялай отырып, «Тазалық» жобасы іске асырыла бастады. Зауытқа 300 млн теңге бөлінгенін айта кеткен жөн.
Бұдан басқа «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бойынша республиканың 16 ірі өнеркәсіптік объектісі эмиссияларды 20-дан 30 %-ға дейін төмендету бойынша міндеттемелер алды. Осы мақсатта озық қолжетімді технологиялар енгізіледі. Қазір 4 кәсіпорынға Ұлттық жоспарға сәйкес норматив бойынша қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берілді. Мысалы, «Қазақмыс» компаниясы кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау есебінен зиянды заттарды азайтуды жоспарлап отыр. Ал Балқаш мыс қорыту зауыты күкірт қышқылы цехының екінші желісін салуды көздеп, бұл күкірт диоксидінің көлемін 2,3 есеге, 61 мың тоннадан 26 тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
Енді қатты тұрмыстық қалдықты жинап, шығарумен, сондай-ақ кәдеге жаратып, қайта өңдеумен және көмумен лицензиясы бар ұйымдар ғана айналысады. Бүгінде 80-нен астам лицензия берілді. Шарттардың бірі – жүк көліктеріне GPS қозғалыс сенсорларын орнату.
«Бұл қоқыс шығаруды бақылауға және заңсыз қоқыс орындарының пайда болуының алдын алуға көмектеседі», деді комитет төрағасы.
Ғарыш мониторингі арқылы елімізде 7 300-ден астам заңсыз қоқыс орындары анықталып, олардың 90%-ы жойылды.
Екі адамды өлтірген Көкшетау тұрғыны ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:41
Жас теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары өзгерді
Теннис • Бүгін, 18:31
Солтүстік Корея өзінің ядролық қаруын көрсетті
Әлем • Бүгін, 18:13
Қоғам • Бүгін, 18:03
Түркиядағы зілзаладан көз жұмғандар саны артты
Әлем • Бүгін, 17:44
Танымал сәулетші Қонаев қаласын дамытуға атсалысады
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:21
Осы аптада қандай мәдени іс-шаралар өтеді?
Мәдениет • Бүгін, 17:15
Мәжіліс сайлауы: 7 партиядан 283 кандидат ұсынылды
Сайлау • Бүгін, 17:10
Жұмыссыз жүрген азаматтарға SMS-хабарлама жіберіледі
Қоғам • Бүгін, 16:47
Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
Ауа райы • Бүгін, 16:37
Астанада техникалық қызмет көрсету орталығы өртеніп жатыр
Елорда • Бүгін, 16:27
Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 16:12
Қаржы • Бүгін, 16:01
Президент журналистерге қарсы жасалған қылмыстарға тергеу жүргізуді тапсырды
Президент • Бүгін, 15:44
Әлем • Бүгін, 15:33
Семейде қоғамдық көлік жол апатына ұшырады
Аймақтар • Бүгін, 15:17
Қазақстанда Өзбекстанның 486 азаматы жазасын өтеп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:00
БҰҰ Түркия мен Сирияға 25 млн доллар жібереді
Әлем • Бүгін, 14:54
Walt Disney 7 мың қызметкерін жұмыстан шығарады
Әлем • Бүгін, 14:43
Қазақстаннан шетелге мал шығаруға шектеу қойылды
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Ресейдің Новосібір қаласында жойқын жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 14:30
Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу бағасы төмендеді
Қоғам • Бүгін, 14:22
Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:51
Еліміздің бірқатар өңірі сейсмикалық қауіпті аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 13:40
Ғалымдар жаңа сақина жүйесін тапты
Ғылым • Бүгін, 13:18
Түркияда отандастарымызды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
Оқиға • Бүгін, 13:00
Астанада қоғамдық көліктер жаңартылады
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушылар 3 адамды құтқарды
Видео • Бүгін, 12:42
Президент Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:32
Қазақстанда беделді MOTO GP турнирі өтеді
Мәдениет • Бүгін, 12:25
Қазақстанда фрилансерлер саны артты
Қоғам • Бүгін, 12:12
Сенат отырысында бірқатар заң мақұлданды
Парламент • Бүгін, 11:58
Геннадий Головкиннің жаңа қарсыласы белгілі болды
Бокс • Бүгін, 11:48
Абай облысы Түркия еліне көмектесуге дайын
Аймақтар • Бүгін, 11:30
«Qazcontent» АҚ төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:27
Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен шетелдіктер ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:12
Қазақстан құрамасы Беларусь футболшыларымен кездеседі
Футбол • Бүгін, 11:02
Өңірлерде көкөністерге тауарлық интервенциялар басталады
Үкімет • Бүгін, 10:50
Түркияға гуманитарлық көмек ретінде бір миллион доллар бөлінді
Үкімет • Бүгін, 10:45
Ұқсас жаңалықтар