Аймақтар • 31 Наурыз, 2022

1 сәуірден бастап Шымкентте жылу беру маусымы аяқталады

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында 2021-2022 жылғы жылыту маусымы 1 сәуірде аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 сәуірден бастап Шымкентте жылу беру маусымы аяқталады

Шымкентте жылыту маусымы өткен жылдың қазан айының 15 күні басталған болатын. Қалада орталықтандырылған жылу жүйесіне 1945 тұрғын үй, 256 білім, 109 медициналық, 33 спорт, 70 мәдениет және 14 әлеуметтік нысан қосылған.

Шаһар әкімдігінің хабарлауынша ертеңнен бастап орталықтандырылған жылу жүйелері арқылы жылу беру тоқтатылады.

Айта кетейік, бүгін қалада күн райы жылынып келеді. Қазгидрометтің болжамына сәйкес, 1 сәуірден бастап термометр күндіз +12-20 градусқа, түнде +5-7 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.