Қаржы • 31 Наурыз, 2022

Активтерді елге қайтару ісімен айналысатын Ұлттық орган құрылады

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігі кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Активтерді елге қайтару ісімен айналысатын Ұлттық орган құрылады

Атап айтқанда, активтерді қайтару жөніндегі саясатты әзірлеу, оны іске асыру үшін қажетті құқықтық негізді қалыптастыру, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту құзыретіне кіретін активтерді қайтару жөніндегі Ұлттық үйлестірушіні құру көзделеді.

Активтерді қайтару жөніндегі Ұлттық үйлестірушіні құру Қазақстанның және осындай бөлімшелер жұмыс істеп тұрған көптеген дамыған елдердің юрисдикциялары арасындағы сенім мен жақындықты ынталандырады.

Бұдан басқа, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде көзделген негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізудің қисынды жалғасы болмақшы.

Капиталдың жылыстауына мониторинг жүргізу және бұл туралы ел басшылығы мен Үкіметті хабардар ету жөніндегі келесі қадам мүдделі мемлекеттік органдардың капиталды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмысы болады.

Қылмыстық кірістерді шетелге шығару мәселелері тиісті түзету шараларын қабылдай отырып, тәуекелдерді ұлттық бағалау шеңберінде қаралады.

Сондай-ақ заңсыз қаржы ағындарының көлемін есептеу әдістемесін әзірлеп, оларды одан әрі тұрақты мониторингілеуді енгізу жоспарлануда.

Тұжырымдама шеңберінде ұсынылатын шаралар кешені күдікті операциялар жасауды, капиталдың жылыстауын және терроризмді қаржыландырумен байланысты басқа да заңсыз іс-әрекеттерді қысқартуға бағытталған.

Құжат 13 сәуірге дейін Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.