Президент • 31 Наурыз, 2022

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

390 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Алматыда өткен мерейтойлық жиынның қорытындылары туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Сенат төрағасы Мемлекет басшысына биыл қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық жұмыстары туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі кезеңде заманымыздың ең өзекті мәселелері бойынша сындарлы диалогты қамтамасыз ететін қазақстандық форумға әмбебап әрі жаһандық дінаралық диалог алаңы мәртебесін алу маңызды міндет екенін атап өтті.

Мәулен Әшімбаев палатаның Қазақстан халқына Жолдаудағы негізгі бағыттарды жүзеге асыру жөніндегі заң шығару жұмыстары туралы айтты.

Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды заңнамалық тұрғыда сапалы қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар Сенат спикері депутаттардың өңірлерге сапарларының қорытындылары туралы ақпарат берді.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35