
Наурыз айында жарияланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Жолдауында айтылған реформалар пакеті Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне енгізілетін жаңалықтардың кең ауқымын қамтиды.
Бұл құжатта биыл қаңтар айының басында елде болған қайғылы оқиғаларға қарамастан, Қазақстанның құрылымдық реформалар бағдарламасын жалғастыруға деген бұлжымас шешімі айқын көрініс тапқан. Көптеген өзгерістердің ішінде реформалардың бұл пакеті саяси партиялар құру процесін жеңілдетеді, сайланған Парламентке кең өкілеттік береді және Президенттің жақын туыстарын саяси лауазымдарға тағайындауға тыйым салады.
Жолдауда басымдық берілген мажоритарлық-пропорционалды сайлау жүйесіне көшудің де маңызы зор. Реформалардың жаңа пакеті көптен күткен қадам болып табылады. Сондықтан да стратегиялық құжат Қазақстанның достары мен серіктестері тарапынан кең қолдау табады деген сенімдемін. Қазақстанның гүлденуі мен тұрақтылығы тек елдің өзіне ғана емес, бүкіл әлемге де пайдалы екені анық.
Эфган НИФТИ,
Caspian Policy Center сараптамалық орталығының атқарушы директоры (АҚШ)