Пікір • 01 Сәуір, 2022

Жаңа қоғам құру жолындағы серпіліс

561 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы алдағы жоспарлардың, ауқымды міндеттердің легін айқындап, нақтылап берді. Онымен қоса, елімізде үш бірдей облыстың ашылатыны сүйіншіленді. Бұл бастамалар ел-жұрт тарапынан кеңінен қолдау тапты.

Жаңа қоғам құру жолындағы серпіліс

Президент өзінің Жолдауын­да бұрын халықтың көкейінде жүрген мәселелерді мемлекеттік деңгейде орынды көтерді. Бұл көтеріл­ген басымдықтардың бар­лығы қоғамды толғандырған көп­теген сауалға нақты жауап болғаны сөзсіз.

Біз енді Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауда айқындаған басым бағыттарды жай сөзбен қолдап қана қоймай, оны барша қоғам болып жүзеге асыруға күш салуымыз керек.

Жолдаудың басымдықтарын абыроймен іске асыру үшін барша отандастарымды елдікке, бірлікке және ауызбіршілікке шақырамын!

Ең басты байлығымыз – елдің тыныш­тығы, тұтастығы һәм аман­дығы! Егер біз Жаңа Қазақ­станды құру идеясын өз дәре­жесінде жүзеге асырып, елі­мізді өркендете білсек, онда «Қасі­ретті қаңтар» оқиғасында жазықсыз қаза тапқандардың қаны босқа төгілмеген болар еді.

 

Қасымхан ТӨЛЕНДИЕВ,

«ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының басшысы