
«Мен Шавқаттың үздік он бестің қатарына кіретініне күмәнмен қараймын. Кәсіби мансабымда мен тек үлкен биіктерді бағындыруға тырысамын. Қазірдің өзінде қауіпті қарсыластармен кездесіп, үлкен тәуекелдерге бардым. Макс Гриффинге қарсы кездесуді қабыл алуым – сөзіме дәлел. Мен өзім қабылдаған жекпе-жектердің кәсіби мансабыма пайдасы мол екенін түсінуім керек. Өйткені әлем чемпионы атанғым келеді», деді ол өз ойын түйіндеп.