Қазақстан • 01 Сәуір, 2022

Су басу қаупі бар тас жолдар мәселесі қаралды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су басып кету қаупі бар 250-ден астам учаске анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖолға» сілтеме жасап.

Су басу қаупі бар тас жолдар мәселесі қаралды

«ҚазАвтоЖолдың» әр өңірлік филиалы көпір асты аймақтарын, су өткізу құбырларын қардан тазалап жатыр. Сонымен бірге көпір арналарын тазалау, су тасқынын болдырмау үшін инертті материалдарды дайындау жұмыстары жалғасуда. Күн сайын аталмыш жұмыстарға 600-ге жуық арнайы техника және 1 мыңнан астам жол қызметкері жұмылдырылуда. Бұдан басқа, су тасқыны қаупі бар кезеңде бригадалардың тәулік бойы кезекшілігі қамтамасыз етіліп отыр. Учаскелерге бақылау орнатылып, қажетті материалдар қоры дайын тұр», деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге салсақ, ұлттық компания қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалу қажет. «ҚазАвтоЖол» ресми сайтында жолдардағы ахуал бейнеленген интерактив карта бар.