Тағайындау • 01 Сәуір, 2022

«Казахстанская правда» газетіне бас редактор тағайындалды

1357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Егемен Қазақстан» РГ АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлінің бұйрығымен қоғамға қарасты басылымдарда бірнеше кадрлық ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Казахстанская правда» газетіне бас редактор тағайындалды

Атап айтқанда, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы қызметіне Сәбит Ғалымұлы Малдыбаев тағайындалды. Тәжірибелі журналист ұзақ жылдар аталған басылым бас редакторының орынбасары қызметін абыроймен атқарып келген болатын. Енді бас редактор ретінде газеттің жаңа тыныспен жарық көруіне күш салмақ. Ал газеттің бас редакторының орынбасары болып Наталья Рудольфовна Курпякова тағайындалды. Сондай-ақ ұжым мемлекеттік қызметке тағайындалып жатқан, бұған дейін «Егемен Қазақстан» газеті «Мәдениет және руханият» бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарып келген талантты ақын Мирас Асанды құрмет көрсетіп шығарып салды. Енді басылымның бұл бөліміне тәжірибелі журналист Жолдыбай Базар жетекшілік етсе, «Саясат және құқық» бөлімінің меңгерушісі қызметіне журналист Бану Әділжан тағайындалды.