Спорт • 01 Сәуір, 2022

Ақтөбеде жүзуден ел чемпионаты өтіп жатыр

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласында жүзуден Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде жүзуден ел чемпионаты өтіп жатыр

Чемпионатқа Қазақстанның барлық аймақтарынан келген 25 командадан 316 спортшы қатысып жатыр.

Чемпионат 2022 жылғы 18 маусым мен 3 шілде аралығында Будапеште (Венгрия) өтетін әлем чемпионатына лицензиялық іріктеу жарысы болып саналады.

Айта кетейік, аталған ел біріншілігі 2 сәуірге дейін жалғасады.