Қоғам • 01 Сәуір, 2022

Елордада Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылғы 31 Наурызда Игорь Роговтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметінде адам құқықтарын сақтаудың өзекті мәселелеріне арналған ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев пен ҚР Бас прокурорының орынбасары Ерлік Кененбаев баяндама жасады.

Комиссия жұмысына Қазақстан Республикасы билігінің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары органдарының өкілдері, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, адвокатураның, білім, ғылым және мәдениет ұйымдарының қызметкерері, жұртшылық пен БАҚ өкілдері қатысты.

Комиссия отырысында Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарымен, БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құқықтар туралы, азаптауларға қарсы Конвенциямен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған басқа да халықаралық шарттармен кепілдік берілген құқық қорғау органдарының қызметі барысында азаматтар мен өзге де тұлғалардың құқықтарын сақтау және қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдары мен құқық қорғау ҮЕҰ қызметкерлері, қалың жұртшылық үшін «Қазақстанда адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» тақырыбында оқыту семинар-тренингтерін өткізудің өзекті мәселелері талқыланды.

Комиссияның отырысында әзірленген оның ұсынымдары Мемлекет басшысының, Парламенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің назарына жеткізілетін болады.