Тағайындау • 01 Сәуір, 2022

Алматыда энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен қаланың Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы болып Санжар Алин тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Санжар Алин 1984 жылы 30 тамызда Алматы қаласында туған. 2007 жылы халықаралық маркетинг мамандығы бойынша «Regents Business College» бітіріп, 2009 жылы «The University of Winchestetr» іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алған, 2015 жылы Д.А. Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін бітірген.

Түрлі жылдары жеке құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. Сату және маркетинг, қаржы құрылымдары, құрылыс, энергетика және квазимемлекеттік сектор салаларында, сондай-ақ мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесі бар.

Еңбек жолын «Қазақстан телекоммуникациялары» ЖАҚ-да («Кателко Плюс») клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, техникалық кеңесші лауазымынан бастаған. 

2019-2020 жылдар аралығында Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының энергия тиімділігі және энергия үнемдеуді арттыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.