04 Сәуір, 2014

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы жарияланды

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

00-akorda-1

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес мыналар: Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары; Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; Әсет Өрентайұлы  Исекешев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –  Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі; Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы  министрі; Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі; Берік Мәжитұлы Имашев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі; Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі; Салидат Зекенқызы Қайырбекова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі; Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі; Нұрлан  Жамбылұлы  Қаппаров – Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрі; Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі; Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин – Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі; Болат Бидахметұлы Жәмішев – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі; Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі; Владимир Карпович Божко – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі; Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі; Ерболат Асқарбекұлы Досаев – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі; Жанар Сейдахметқызы Айтжанова – Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі; Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев – Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі болып тағайындалсын», - делінген Жарлықта.