04 Сәуір, 2014

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытына айыппұл салынды

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-04-АтМОЗ-Атырау облыстық прокуратурасы экология департаментінің мамандарын қатыстыру арқылы «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-іне тексеру жүргізіп, анықталған кемшілік бойынша серіктестікке айыппұл салды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Тексеру барысында  зауыттың алауларында технологиялық, нақтылай айтқанда, қышқыл газдың жағылатыны анықталған. Алайда, «АтМӨЗ» ЖШС-нің шектеулі шығарынды жобасында қышқыл газға арналған норматив көрсетілмеген. Яғни, алауларда аталған газды жағу қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатсыз жүзеге асырылған. Тексеру қорытындысымен экология департаментіне залалды есептеу және кінәлі тұлғалардың жауапкершіліктерін шешу үшін прокуратурамен ұсыныс енгізілді. Осыған сәйкес, экология департаментімен «АтМӨЗ» ЖШС-не 23,7 млрд. теңге мөлшерінде  қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу туралы ұйғарым берілді.

Жолдасбек Шөпеғұл.

Дереккөз: Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Фото: Ж. Шөпеғұл.