04 Сәуір, 2014

Атырауда жер телімін заңсыз бөлген шенеуніктер қызметінен босатылды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04-04-AtirayАтырау облысында жер телімін заңсыз бөлген шенеуніктер қызметінен босатылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Мақат ауданының прокуратурасы аудандық әкімдік қызметіндегі жер туралы заңнамасының қолданылуына тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесімен жеке тұлғаларға жер бөлу кезінде заңсыз артықшылық көрсетумен байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықталды.Атап айтқанда, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысымен 25 тұлғаға тұрғын үй құрылысын салуды сұрап жазған өтініштері болмағанына қарамастан, жер таңдау актісі дайындалған. Одан әрі жер қатынастары жөніндегі комиссиямен оң қорытындылар беріліп, Доссор кенті әкімімен 25 жер учаскесі берілген.

Барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша аудандық прокуратурамен прокурорлық ықпал ету актілері енгізілді. Нәтижесінде, Мақат ауданы әкімінің өкімдерімен сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан заң бұзушылықтарға жол бергені үшін Доссор кентінің әкімі Е.Төлешкалиев және Мақат аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы И.Сералиев қызметтерінен босатылды.

Жолдасбек Шөпеғұл.

Дереккөз: Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Фото: www. M-astana.kz.