Қалалық ТЖД хабарлағандай, Алматы қаласының негізгі жолдарында және адамдар көп жиналатын орындарда орналасқан медиабордтарда таудағы көшкін қаупі туралы ақпараттық хабарламалар мен ескерту роликтері көрсетіле бастады.
Халықты ақпараттандыруға «Citrix» компаниясы көмек көрсетті. Компания 2021 жылдан бастап Алматы қаласының ТЖД-мен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Айта кетсек, көшкін қаупі туралы деректер алматылықтарға SMS-хабарламалар, БАҚ және 70 ірі медициналық порталмен біріктірілген «Дәрме мобильді қосымшасы арқылы хабарланады.