Ауа райы • 03 Сәуір, 2022

Синоптиктер 9 өңірде дауыл болатынын айтты

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет» РМК синоптикері ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктер 9 өңірде дауыл болатынын айтты

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с дейін артады.

Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с артуы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде өңірдің оңтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, өңірдің батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

4-5 сәуірде Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с артады.

Сондай-ақ 4-6 сәуір аралығында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік-Қазақстан облыстарында оң мәнді ауа температурасының сақталуы мен одан әрі жоғарылауына байланысты өзен бассейндерінде қардың еруі қарқын алып, еріген қар ағыны қалыптасады, өзендерде мұз еріп, су деңгейі көтеріледі.