Тағайындау • 04 Сәуір, 2022

Президенттік жастар кадр резервінің тағы бір мүшесі басшылық қызметке барды

498 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметіне Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі Тимур Ернатұлы Қосымбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президенттік жастар кадр резервінің тағы бір мүшесі басшылық қызметке барды

Тимур Ернатұлы Қосымбаев 1989 жылы дүниеге келген.

2011 жылы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын (КИМЭП) «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лестер (Ұлыбритания) университетінде білім алған. Бухгалтерлік есеп және қаржы магистрі.

2011 жылдан бастап 2019 жылдар аралығында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі қызметтер атқарды.

2019 жылдың қазанынан бастап осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасы Президенті істерінің басқармасында Қаржы-экономикалық бөлімнің бюджеттік қаржыландыру секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2019 жылы Президенттік жастар кадр резервіне алынды.