Қазақстан • 04 Сәуір, 2022

Экономикалық реформалар пакеті 2022 жылдың шілдесінде ұсынылады – ҚР СЖРА

659 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа экономикалық саясат шеңберінде әзірленіп жатқан экономикалық реформалар пакетін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі 2022 жылғы шілдеде ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экономикалық реформалар пакеті 2022 жылдың шілдесінде ұсынылады – ҚР СЖРА

фото: pixabay

«Жаңа экономикалық саясат төмендегі басымдықтарға негізделеді: тұрақты институционалдық реформалар, адал бәсекелестік және экономикалық еркіндік, макроэкономикалық тұрақтылық, экономиканы әртараптандыру, адами капиталды дамыту және мемлекеттік басқару реформасы», - деді СЖРА басшысы Әсет Ерғалиев.

Ведомство жаңа экономикалық саясат тұжырымдасын сарапшылар қауымдастығымен, кәсіпкерлермен және мемлекеттік органдармен талқылап жатқанын мәлімдеді.

«Толық аяқталған» реформалар пакетін 2022 жылғы шілде айында қаржыландыру жоспарланған.

«Қазіргі уақытта Агенттік ағымдағы жағдайға жүйелі талдау жүргізеді, стратегиялық міндеттер мен түпкілікті нәтижелерді қалыптастырады, реформалар үшін басым бағыттарды айқындайды. Жұмысқа Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Ислам даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, БҰҰ даму Бағдарламасы, шетелдік инвесторлар Кеңесі сияқты әріптес ұйымдар тартылды», - деп мәлімдеді Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, реформалар пакетін әзірлеуге тәуелсіз сарапшылар, кәсіпкерлер қауымдастығы, салалық мемлекеттік органдар мен зерттеу институттары тартылды.