«Қайғылы қаңтар оқиғаларын тергеумен арнайы прокурорлар басшылығымен ведомствоаралық жедел тергеу топтар айналысып жатыр. Олардың өндірісінде 262 қылмыстық іс бар. Оның ішінде 44 терроризм актісі, жаппай тәртіпсіздік бойынша 47 іс қозғалған. Осы қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау және жауапқа тарту бойныша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Бүгінгі таңда 547 адам жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды. Оның 269-ы қамауда. Жалпы ел бойынша тергеу органдары 3702 қылмыстық істі тергеу үстінде. Оның басым көпшілігі ұрлық, тонау, қаруларды жымқыру және басқа қиын емес қылмыстар», деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде.
Сондай-ақ Бас прокуратура өкілі қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін істер сотқа бірден жолданып жатқанын атап өтті.
«Осы қылмыстар үшін 152 адам сотталды», деді Елдос Қилымжанов.