Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасы елшілігінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылғы 3-6 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Манкент және Жамбыл облысының Мерке елді мекендерінде орналасқан әскери зираттарға орнатылған ескерткіштердің ашылу рәсімі жоспарланған болатын.
3 сәуір күні кешке Польша Республикасының Соғыстар мен азап шеккендердің естеліктерін сақтау жөніндегі кеңесінің Бас хатшысы А.Кунерт бастаған 90 адам Шымкентке ұшып келді. Оларды облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков бастаған өңір өкілдері қарсы алды.
4 сәуірде делегация басшысы Анджей Кунерт, сондай-ақ Польшаның Қазақстандағы елшісі Яцек Ключковский, Польшаның Алматыдағы Бас консулы Анджей Папеж, поляк-қазақ сауда палатасының өкілі Хмура Дариуш бастаған қонақтар, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстан аумағында болған соғыс ардагерлері және Оңтүстік Қазақстан облысының өкілдері 1942 жылы қайтыс болып, Манкентке жерленген поляктар зиратына орнатылған ескерткіштердің ашылуына қатысты.
Жиынды А.Кунерт кіріспе сөз сөйлеп ашты. Я.Ключковский, А.Папеж, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Қаныбеков, тағы басқалар өз пікірлерін айтып, бейітте жатқан марқұмдардың рухтарына тағзым етті, оңтүстікқазақстандықтарға алғыс айтты.
Түстен кейін поляк делегациясы түркі дүниесінің текті төрі Түркістанға жол тартты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, шаһардың көрікті жерлерін аралап көрді.
Бүгін қонақтар Шақпақбабадағы және Меркедегі поляктар зираттарында болып, оларда орнатылған құлпытас ескерткіштерді ашып, шырақ жағады, гүлдестелер қояды.
«Егемен-ақпарат».

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25