05 Сәуір, 2014

Палатаның күн тәртібі қаралды

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың басқаруымен палата бюросы өтті. Онда алдағы өтетін депутаттардың жалпы отырысында қаралатын мәселелер нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Депутаттардың талқылауына Қыл­мыс­тық кодекс жобасы ілес­пе түзетулерімен екінші оқы­лымға шығарылатын болды. Пала­таның салалық комитетінің мәлім­деуінше, Кодекстің жаңа редакция­сы Қазақстан Президентінің тап­сыр­масымен 2012 жылғы 6 қаңтар­да 2010-2020 жылдарға арнал­­ған Құқықтық сая­сат тұ­жы­рым­­дамасының ережелерін, және де мемлекеттердің халық­ара­лық міндеттемелерін іске асыру қажеттілігін ескере отырып жасалған. Бұл актінің іске асырылатын тұжы­рым­дамалық бағыттары, бір жағынан, бірінші рет жасалған немесе әлеуметтік әлсіз тұлғалар жасаған қылмыстарға қатысты тағаттылық тәсілдерін кеңейтеді, екінші жағынан, ауыр қыл­мыстарға, қылмыстың қайталануына, ұйымдасқан қыл­мыс­керлікке және сот төрелігіне ке­дергі жасауға ден қоюды қатаң­датады. Бюро мүшелері, солармен бірге, Әлеу­меттік-мәдени даму комитетінің Солтүстік Қазақстан облысында көшпелі отырысын өткізу туралы (2014 жылғы 14-15 сәуір) ұсыныстарын да қолдады. Сондай-ақ, отырыста ал­да­ғы мамыр айында болатын «Эко­номика салалары үшін техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде кадрлар даярлаудың сапасы мен перспективалары туралы» парламенттік тыңдаудың ұйымдастырылу мәселелері де қарастырылды. Мәжіліс Төрағасы Қ.Жақыпов са­ла­лық комитеттерге жалпы отырысқа шы­ғарылатын заң жо­ба­сына әзірлікті жан-жақты жүр­гізуді тапсырды.