05 Сәуір, 2014

«Жасыл» экономика жолында

379 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
160313-2Соңғы жеті жыл көле­мінде Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың бастамасымен Астана қаласында әлемдік эко­но­микалық форум өткізу дәстүрге айналды. Осы қалып­тасқан дәстүр бойынша, биылғы мамыр айының 21-і мен 23-і аралығында елордада VII Астана экономикалық форумы және осы жаһандық жиын аясында ІІ Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция ұйымдастырылатын болады. VII Астана экономикалық форумында Елбасы ұсынған «Жасыл көпір» жобасы кеңінен талқыланбақ. «Жасыл көпір» жобасы ауқымындағы шара барысында «ЭКСПО-2017 – тұрақты даму қуаты» атты конференция ұйымдастырылмақ. Осынау жиын ұйымдас­тыру­шыларының бірі болып табы­латын «жасыл» экономика үшін және G-Global-ды дамыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ) басқарма төрайымы Салтанат РАҚЫМБЕКОВАНЫ әңгімеге тартқан едік. – Салтанат Темірқұлқызы, VII Аста­на экономикалық форумы аясында қара­пайым шараларды саралап берсеңіз... – Биылғы жылдың 21-23 мамыры ара­лы­ғында қаламызда VII Астана экономикалық фору­мы және II Дағдарысқа қарсы дүние­жүзілік конференция өткізілетіні белгілі. Әлем­дік пікірсайыс алаңына айналған форум төңірегінде Давос экономикалық фору­мы­ның көшпелі сессиясы, Бреттон-Вудс ке­лі­сімінің 70 жылдық мерейтойы және ЮНКТАД-тың 50 жылдық мерейтойы шара­лары өтетін болады. Жыл сайын Астана экономикалық форумы әлемнің түкпір-түк­пі­рінен шақырылатын ең беделді мемлекет бас­шыларының, саяси және қоғам қайрат­керлерінің, Нобель сыйлығы лауреаттарының, танымал экономистердің, халықаралық ұйым­дар басқарушыларының және басқа әлемдік сарапшылардың басын қосады. Өзіңізге белгілі, әлемде санаулы халық­аралық экономикалық алаңдар бар, солардың қата­рында Давос форумын, Санкт-Петер­бург және Боао Азиялық экономикалық форумдарын атап өтуге болады. Әлемнің таны­мал ғалымдары мен саяси тұл­ға­ларының мойындауымен ха­лық­аралық деңгейде аталмыш алаңдармен дәрежесі теңесіп үлгерген, елордамыз Астанада соңғы кезде дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан экономикалық форумды мақтаныш тұтуға әбден болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Астана эконо­микалық форумы қазіргі таңда халықаралық экономикалық деңгейде шын мәнінде маңызды орын ала бастады. Астана экономикалық форумы ел экономикасына инвестиция тарту үшін таптырмас орта, сонымен бірге, туризм мен кәсіпкерліктің дамуына зор ықпалын тигізеді. – «Жасыл» экономика тұ­жырымдамасы ұлттық эко­но­ми­каның барлық салаларына табиғи ресурстарды ұтым­ды пайдалануға мүмкіндік бере­тін «жасыл» принциптерді кі­рік­тіруді көздейді. Осы тұр­ғыда бү­гінгі күнге дейін не атқа­рылды? – Негізінен, «жасыл» экономика үшін және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ «жасыл» экономика мен әлеуметтік инновациялар бойынша келісілген үкіметтік емес ұлттық қоғамдық ұйым болып табылады. Ерекше атап өтерлік мәселе, бұл әлемдегі «жасыл» экономика бойынша өзін-өзі қаржыландыратын жалғыз қоғамдық бірлестік. Коалицияның басты міндеті «жасыл» өсім қағидаларын енгізуге көмек көрсету үшін, экожүйелік тәсіл негізінде өңірлердің кешенді дамуы мен «жасыл» инновациялық инфрақұрылым үшін, «жасыл» экономикаға өту үшін құқықтық және институционалдық негіз қалыптастыру мақсатында үкі­меттік емес ұйымдардың, бизнес, ғылым мен билік органдарының мүмкіндіктері мен күш-жігерін жұмылдыру болып табылады. Қазіргі таңда біздің ұйым Бо­лашақ қоғамын жоба­лау­ға бағытталған, «халықтық құры­лыс» ретінде ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық көрмесін өткізуді, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын жүзеге асыруды, G-Global ақ­па­рат­­тық-коммуникативті алаң­ын, Қа­­зақ­станның «жасыл» эконо­микаға өту тұжы­рымдамасын жә­не Президенттің басқа да баста­ма­ларын жан-жақты қолдау мақ­са­тында түрлі ұсыныстар әзір­леуде. – VII Астана экономикалық форумы аясында өтетін «ЭКСПО-2017 – тұрақты даму қуаты» атты конференциясына дай­ындық қай деңгейде? – «Ғалымдардың Еуразиялық Экономикалық Клубы» қауым­дастығымен келісімге сәйкес, Коалиция «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ-пен бірлесе отырып, биыл­ғы VII Астана экономикалық форумы аясында «ЭКСПО-2017 – тұрақты даму қуаты» атты конференция өткізу мақсатындағы дайындықты бастады. Оның міндеті – жұртшылықпен ЭКСПО-2017 көрмесінің мазмұны мен артықшылықтары, сонымен қатар институттық рөлі жайлы талқылау. Көрменің тақырыбы алғаш рет өте өзекті, қолжетімді және таза энергия саласының даму мәселелері мен келешегіне арналды. Сонымен қатар, конференция «жасыл» экономика мен «жасыл» технологиялардың қағидаларын қалың қауымға жеткізуді көздейді. Конференция аясында ЭКСПО-2017 көрмесінде экспозицияланатын «жасыл» инновациялардың ұлттық және халықаралық байқауы жарияланатын болады. Наурыз айынан бастап, Коалиция G-Global алаңында конференцияға дайын­дық ретінде, виртуалды форум мен бейнеконференциялар өткізе бастады. Жасыл экономика – бұл экономикалық қатынастар мен технологиялық құрылыстың жаңа парадигмасы. Ол, негізінен, екі бөліктен тұрады: жаңа эко­но­микалық қарым-қатынастар және жаңа «жасыл» технологиялар. Нақтырақ айтсақ, лас технологиялар субсидияларын «жасыл» субсидияларға, эко­жүйелерді қалпына келтіруді қар­жыландыру бойынша келісім­дерге, концессияларға алмастыру, пайдаға салынатын салықты қор­шаған ортаға салынатын са­лыққа өзгерту, мемлекеттік және үкіметаралық ұйымдарды «жасыл» экономика саласындағы сатып алуларға алмастыру, жер­гілікті экологиялық ақша саналатын «жасыл» банкингті дамыту болып табылады. – Дағдарысқа қарсы дүние­жүзілік жоспар жобасы туралы пікіріңіз... – Дағдарысқа қарсы дүние­жүзілік жоспар – бұл тәуелсіз сарап­шылардың адамзаттың жүйелік, бірінші кезекте, қар­жылық, экологиялық, климаттық, азық-түлік және энергетикалық дағдарыстан шығу жолындағы шұғыл шараларды жасап шыға­руға деген әрекеттері. Осыған ұқсас жалғыз құжат – XXI ғасыр Күн тәртібі. Алайда, оны жүзеге асырудың қаржылық механизм­дері болған жоқ. Жеке капитал әле­мінде мемлекеттік қаржы қор­лары, соның ішінде, еркін түрдегі қор­лар баршылық. Сондықтан да, Дағ­дарысқа қарсы дүниежүзілік жос­­пар оларды мемлекет жеке­мен­­­шік серіктестігінің жаңа фор­ма­­ла­ры есебінен жұмылдыра алады. Қорыта келе, аталмыш кон­фе­ренция, қоғамдық және халық­аралық ұйымдардың қатысуы­мен өтетін, ЭКСПО-2017 көрме­сі­нің ғылым, білім, «жасыл» техно­ло­гия­лардың трансферті, халық­ара­лық ғылыми-техникалық ын­ты­мақтастықты дамытудағы тақы­рыптық құрамы мен институттық рөлі жайлы пікір алмасатын ал­ғаш­қы қоғамдық іс-шара болатынын айта кеткім келеді. Осы іс-шараны жүзеге асыру барысында алдымызға қойған міндеттердің толыққанды орындалатынына кәміл сенемін. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».