05 Сәуір, 2014

Елшімен әңгіме

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісі Төр­а­ғасының орынбасары Сер­гей Дьяченко Порту­га­лия Республикасының Қазақ­стандағы Төтенше және өкі­лет­ті елшісі Марио Годиньо де Ма­тушпен кездесті, деп хабар­лады Мәжілістің баспасөз қызметі. Мәжілістің вице-спикері елші­ні елшілік қызметке жаңадан тағай­ындалуымен құттықтады. Өз ке­зегінде екі ел арасындағы сауда-эконо­микалық байланыстарға тоқталды. Тауар айналымы, Қазақ­станға инвестиция салу мәселесі туралы айтты. Бүгінде экономикалық өрлеуде тұрған еліміздің ЭКСПО-2017  көрмесін өткізуге әзір­леніп жатқанынан хабардар етті. Елшіге Қазақстан Парламентінің құрылымы жайында айтып,  әртүрлі пішінді  жұмысымен таныстырды. Халықаралық парламенттік ынты­мақтастық жайында да айтып өтті. Португалияның Қазақстандағы елшісі өз елінің Парламенті жайында айтып, екі ел парламенттерінің ынтымақтастық байланыстары арта түсетініне сенім білдірді. 1998 жылы Лиссабонда ЭКСПО көрмесі өткенін жеткізді. Тараптар екіжақты байланыс­тар арқасында парламентаралық ынтымақтастықтың да өркен жаятынына сенім білдірді.