Қазақстан • 05 Сәуір, 2022

Абаев ауылдарға шығыны аз спорттық нысандар салуды ұсынды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында спорт зал тапшы елді мекендерге жылдам бой көтеретін, шығыны аз спорттық нысандар салу керектігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абаев ауылдарға шығыны аз спорттық нысандар салуды ұсынды

«Жалпы республика бойынша 42 мыңнан астам спорттық ғимарат болса, соның 23 мыңнан астамы ауылды жерлерде орналасқан. Өздеріңіз білетіндей, спорттық инфрақұрылым жетіспеушілігін шешу мақсатымен 100 дене шынықтыру, сауықтыру кешенін салу жобасы іске асырылған болатын», деді министр.

Оның айтуынша, спорттық нысандардың кейбірі өз мақсатына пайдаланылмай келеді.

«Салынған кешендер шынымен де спорт нысандарының жеткілікті деңгейде жақсартқанын айтқым келеді. Бірақ бұлар құны қымбат жобалар екенін айту керек. Шаруашылық тұрғыдан жабдықтауға үлкен қаржы керек. Олардың кейбірі тұрғындары көшіп жатқан келешегі аз елді мекендерде салынып кеткен. Соның салдарынан кейбір кешендер толық қуатымен жұмыс істеп тұрған жоқ. Ғимараттардың құрамында мақсатына сай қолданылмайтын алаңдар бар. Біз осы тәсілді өзгертуді ұсынамыз. Бұл мәселені шешудің бір жолы – жылдам бой көтеретін, шығыны аз нысандар салу. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ауылдық елді мекендерді пәтер инфрақұрылымымен қамтамасыз ету үшін осындай тәжірибені пайдалана бастады. Бұл – әлдеқайда арзан, функцияналы бай, жылдам тәсіл. Басқа әкімдіктерден осы тәсілді қарастырып көруді сұраймыз», деді Дәурен Абаев.