Біздің қыздар D тобында Оңтүстік Корея, Сингапур және Вьетнам командаларымен ойнайды.
Бүгін Қазақстан құрамасы алғашқы жекпе-жегінде Оңтүстік Кореядан келген қарсыластарын жеңді.
Бірінші болып Асылжан Арыстанбекова Ким Е Юнға қарсы ойынға шықты. Бастапқы партия қазақстан қоржынында 6:3 есебебімен қалды, екінші партияда 6:4 есебімен кәріс ойыншысы жеңді, ал шешуші үшінші партияда фортуна Оңтүстік Корея өкілінің жағында болды 6: 0.
Екінші матчта Айя Нупбай екі сетте Сон Ха Юн 6:1, 6:2 есебімен сенімді ойнады. Қарсыласудың жеңімпазы үшінші шешуші жұптық ойында анықталды. Айя Нупбай Карина Жұмаджановамен дуэтте бір сағат ішінде Сон Ха Юн/Ким Е Юнді 6:4, 6:1 есебімен жеңді.
Ертең біздің жасөспірімдер Сингапур құрамасын жеңген Вьетнам командасына қарсы ойнайды.