«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Нұр Отан» партиясының хатшысы Құмар Ақсақалов Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жастарымен кездесті.
Барлық қоғамдық ұйымдарды және олардың мүмкіндіктерін біріктіру «Нұр Отан» партиясының басты міндеттерінің біріне айналуына байланысты кездесу қатысушылары ынтымақтастықтың барлық мүмкін жолдарын талқылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантайқызы мен «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» ЗТБ Жастар кеңесінің төрағасы Батыр Әлиев өз ұсыныстарын жасады.
Қ.Ақсақалов: «Алдымызда «2050» Стратегиясында көрсетілген міндеттерді орындау үшін қоғамды біріктіру міндеті тұр. Кәсіподақпен бірлесіп жұмыс жасауды жаңа деңгейге көтеру керек. Елімізде болып жатқан түпкілікті өзгерістер, кәсіподақтардың еліміздегі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге жауап қайтара білуі керек екендігін дәлелдеді», деді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.
«Егемен-ақпарат».