«Мемлекет басшысының өкімімен Олжас Аязбиұлы Төлеуов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», делінген Ақорданың хабарламасында.
Олжас Аязбиұлы Төлеуов 1990 жылы 7 қарашада Қарағанды облысында дүниеге келген.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес Жоғары мектебі.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің магистратурасы
Тағылымдама және біліктілікті арттыру курстары:
- Вусонг университетінің Solbridge бизнес мектебі, Корея Республикасы;
- Ресейдің орталық банкі;
- Чехия мен Швейцарияның ұлттық банктері
- БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (АТМЭӘК)
Еңбек өтілі:
- Қарағанды облысы Балқаш қалалық коммуналдық шаруашылығында жұмыс істеді (2012-2013);
- AERC бизнес-талдаушысы (2013-2015);
- Стажер, жетекші талдаушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің зерттеулер және статистика департаментінің бас талдаушысы (2015-2018);
- «Applied Economic Research Centre» (қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы) директорының орынбасары, басқарушы директоры (2018-2020);
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Вице-президенті (06.2020-09.2020);
- Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі (09.2020 бастап)