Бұл саяси тұрақтылықты іс жүзінде бекітіп, нығайтқанын уақыт көрсетіп отыр. 130 этнос өкілі тұратын мемлекетте әуелгі кезекте ынтымақ орнады. Мұндайда қазақ «Ырыс алды – ынтымақ» деген емес пе?! Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дәстүрлі жолдауларында санамызға сіңірген ұлтаралық келісімді, татулықты сақтауды өзіміз ғана ойлап қоймай, соңымыздан ілескен ұрпағымызға ұдайы айтып, іс жүзінде орындатып та жүрміз.
Өзім еңбек ететін «Строитель» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – көпұлтты ұжым. Өте татумыз. 20 жылдан бері тұрақты жұмыс істегендіктен, ұжымымыз экономикалық дамуда да, әлеуметтік тұрғыда да жақсы жетістіктерге жетуде. Біз шығаратын өнімдеріміз – керамзит, керамзит кірпіштері, керамзит блоктары үлкен сұранысқа ие. Зауытта жұмысшылар асханасы бар. Ұжым жұмысшылары «Нұр-Авиаценум» кардиологиялық орталығында тегін тексеруден өтіп, емделе алады. Жұмысшылардың емделгендігін растайтын анықтамаға сай ақы төленеді. Кезекті еңбек демалысына да жұмысшылар уақтылы жіберіліп, ақысы төленеді және мерекелік сыйлықтар үлестіріліп, құрылысшылар күні мерекесіне орай ақшалай сыйақы да беріледі. Сонымен қатар, жұмысшылардың балаларын да ретіне орай демалтып, түрлі спорт жарыстарын ұйымдастырып отыру да біздің назарымыздан тыс қалған емес. Осының барлығы, түптеп келгенде, ұжым мүшелерінің ұлтқа бөлінбей тату-тәтті, бірлесе еңбек еткенінің нәтижесімен келіп отыр.
Шыны керек, біздің жүрегімізде 1 Мамыр – халықаралық ынтымақ күні жылы орын алған. Бала күнімізден осы күнді асыға күтетін едік. Жалпыхалықтық мерекеге айналдырған ауылдастарымыз осы шара арқылы санамызға бірлікті, ынтымақты, достықты сіңіре беріпті ғой. Енді, міне, бұл күнді заман талабына сай етіп, Қазақстан халқының бірлігі күні деп жаңаша атап жүрміз. Бұл да тәуелсіз ел үшін аса қажет мереке екені анық. Ал арғы тарихты қазбаламай, өзімнен бастап айтсам, ұлтқа бөлу маған жат. Өзгелер тарапынан алда-жалда бірдеңе байқап қалсам, бірден тыйып тастаймын. Құдайға шүкір, өзіндік ықпал-беделім бар. Оңаша отырғанда сондай әрекеттерді ой елегінен өткізіп, ұжым мүшелерінің тату болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбек етулеріне барлық жағдайды жасауға ұмтыламын. Ол қадамым игіліктің бастауы болып та жүр.
Жалпы, Жетісу жерінде тұратын 103 этнос өкілі мені татулығымен тәнті етеді. Сондықтан да болар, «Біздің байлығымыз – әр ұлттан болғандығымыз болса, күшіміз – бірлігімізде» деген сөз дәл тауып айтылған. Бұл ұлағатты сөзді біздің ұжым мүшелері әркез айтып қана қоймай, нақты іс жүзіне асырып жүр. Міне, бұл – біздің татулығымыз тіршілігіміздің тірегіне айналғандығының жарқын дәлелі.
Александр БУЗЫКИН,
Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,
Алматы облыстық орыс этномәдени
бірлестігінің төрағасы.
Алматы облысы,
Көксу ауданы,
Балпық би кенті.

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі
Спорт • Бүгін, 13:40
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады
Мәдениет • Бүгін, 13:28
Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады
Қоғам • Бүгін, 13:12
Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды
Медицина • Бүгін, 13:02
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 12:57
Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:42
Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Парламент • Бүгін, 12:27
Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды
Президент • Бүгін, 12:15
Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті
Спорт • Бүгін, 12:10
АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25