Қазақстан • 05 Сәуір, 2022

Әлемдегі геосаяси ахуал Қазақстан нарығына әсер ете ме?

446 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев әлемде орын алып жатқан геосаяси ахуал Қазақстандағы экспорт пен импортқа қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемдегі геосаяси ахуал Қазақстан нарығына әсер ете ме?

«Елімізге тауар жеткізу немесе тауар жөнелту бойынша ешқандай мәселе туындап отырған жоқ. Ресей Федерациясы тауарларды өткізіп жатыр. Шетелдік порттар да қазақстандық тауарларды проблемасыз қабылдауда. Олардың басты талабы – тауар және оны жеткізуші компания қазақстандық болуы шарт. Айта кетсек, транскаспий халықаралық көлік маршрутының аясын кеңейтуді қарастырып жатырмыз. Каспийдегі біздің Ақтау және Құрық портынан 10 млн АҚШ долларының тауары тасымалданады», деді Қайырбек Өскенбаев.

Ведомство басшысының айтуынша, тауар тасымалдауда ешқандай шектеу, кедергі жоқ.