Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мақаласында қасіретті қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеу және өзінің басшылығымен қабылданып жатқан шаралар жөніндегі Қазақстанның жоспары туралы айтады.
Аталған шаралар демократиялық өзгерістерді ілгерілетуге, ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Еуразия кеңістігінде бейбітшілікті, ашықтықты және өркендеуді сақтау жолдары туралы пікірін ортаға салады.