Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 сәуір күні болған.
«Көлікті 43 жастағы ер адам жүргізген. Тексеру кезінде көліктің артқы орындығында пневтамикалық қару жатқаны анықталды. Медициналық куәландырудың қорытындысымен жүргізушінің орта дәрежелі мас екені дәлелденді. Қазір жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлімімен толтырылған әкімшілік іс-құжаттары сотқа жолданды. Тиісті құжаты жоқ пневматикалық винтовка тексеру үшін жедел тергеу тобына тапсырылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.